Оқушылар қашықтан оқуға көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

12.12.2023

Астанада Аязға байланысты бірінші ауысымның 11-сыныбына дейінгі оқушыларға және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ қашықтан болады. Әрі тағы бірнеше облыстың оқушылары сабақты үйде оқиды. Мәселен, Семейде бірінші ауысымның 4-сынып оқушыларына дейін қашықтан оқуға көшірілді. Қазір мұнда минус 25 градус аяз. Ал Павлодар мен Петропавл қалаларында 11-сыныптың ұл-қыздары да мектепке бармайды. Мұнда ауа температурасы минус 30, минус 36 градусты көрсетіп тұр. Бұған дейін Ақтау, Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанайда оқушылар қашықтан оқитыны айтылған.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу