Биыл қазақтың тұңғыш бард әншісі, ақын, сазгер Табылды Досымовтың туғанына - 50 жыл.
Осыған орай, 31 шілдеде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылындағы «Шаңырақ» мәдениет үйінде еске алу шарасы өтпек.
Еске алу шарасынан кейін ауыл мешітінде ақын-сазгер руһына арналып ас берілмек.
Айта кетсек, ақын мерейтойына орай туған жерінде бірқатар шаралар атқарылуда.
Жуырда Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өнер иесінің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Аспанында жарқырап тұр Алаштың» атты кітап көрмесі өтті.