Оскар Де Ла Хойя: Г.Головкин – Д.Лемье жекпе-жегі екеуі үшін де қауіпті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оскар Де Ла Хойя: Г.Головкин – Д.Лемье жекпе-жегі екеуі үшін де қауіпті

28.07.2015
Оскар Де Ла Хойя: Г.Головкин – Д.Лемье жекпе-жегі екеуі үшін де қауіпті

Промоутердің пікірінше, жекпе-жек екі спортшы үшін де қиын болмақ.

«Бұл бокссүйер қауым үшін маңызды әрі тартымды кездесу болмақ. Неліктен екеуі қазір кездесіп отыр? Өйткені, екеуінің де жағдайы жақсы, екеуі де әлем чемпионы. Бұл – қызықты әрі екі боксшы үшін де қауіпті жекпе-жек болады. Екі спортшының да нокаутқа жіберу машығы, мықты иегі, жақсы дайындығы бар. Қарсыласының иегіне бірінші болып жеткен былғары қолғап шебері жеңеді», - дейді Оскар Де Ла Хойя.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу