«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ауыл тұрғындары үшін «Денсаулық жолы» акциясы өткізілуде. Акция шілденің 1-нен тамыздың соңына дейін жалғаспақ.
Шараның басты мақсаты - ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу сұрақтары бойынша көмек көрсету.
Апта бойы келушілер кез-келген сұрақтары бойынша консультация ала алады.
Акцияға туберкулезге қарсы диспансердің мамандары, қаланың медициналық ұйымдар дәрігерлері бригадасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қатысуда.