Дания Германияға апаратын теңіз асты туннель салмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дания Германияға апаратын теңіз асты туннель салмақ

26.07.2015
Дания Германияға апаратын теңіз асты туннель салмақ

Дания Еуропа Одағынан Германияға дейінгі жолды қысқартатын жаңа көлік-темір жол туннелін салуға рұқсат алды.

Ұзындығы 19 шақырым теңіздің түбінде салынатын туннель құрылысына 8,7 миллиард доллар жұмсалмақ. Ол даниялық Лолланд пен германиялық Фемарн аралын байланыстырмақ. Құрылыс жұмыстары 2015 жылдың қаңтар айында басталып, 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған.  

Туннельде екі бағыттағы темір жол мен төрт жолақты автомагистраль төселеді. Осылайша Копенгагеннен Гамбургқа дейінгі жол 5 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқарады.  

Айта кетейік, қазіргі таңда Копенгаген Швецияның оңтүстігіндегі Мальме қаласымен пойыз бен көлікке арналған Орезунд көпірімен байланысқан.

Еурокомиссияның мәлімдемесі бойынша, туннель Данияның қоғамдық көлік жүйесіне қосылып, Еуроодақ аясындағы бәсекелестік режиміне әсер етпейді. Туннельдің құрылысымен Данияның мемлекеттік «Femern A/S» команиясы айналысады.

Хабарламаларға жазылу