Үндістанда 40 жұмысшыны құтқару операциясы жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда 40 жұмысшыны құтқару операциясы жалғасып жатыр

16.11.2023

Үндістанда туннель астында қалып қойған 40 жұмысшыны құтқаруға заманауи әрі аса қуатты бұрғы жеткізілді. Онымен бір сағатта 2 жарым метр үйіндіні бұрғылауға болады. Ал бұған дейінгі машина осынша уақытта бір метрге ғана бойлаған.

Уттараханд штатында салынып жатқан туннель жексенбі күні таудан лай көшкенде құлады. Содан бері одан шыға алмай жатқан адамдарға құбырмен оттегі, азық-түлік және ауыз су жіберіліп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу