Ғалымдар: адамның музыкалық талғамы ойлау қабілетіне байланысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: адамның музыкалық талғамы ойлау қабілетіне байланысты

26.07.2015
Ғалымдар: адамның музыкалық талғамы ойлау қабілетіне байланысты

«Plos One» журналында жарияланған зерттеулер бойынша эмоцияға берілетін адамдар мелодиясы басым, баяу музыка тыңдайды. Ал, ақпаратты жүйелеп, талдауға жақын адамдар панк немесе хэви-метал стиліне әуес келеді.

Зерттеу аясында жүргізілген сауалнамаға қатысушылар 26 түрлі стилдегі ән тыңдап, әр шығарманы ондық балл жүйесімен бағалаған.

Осылайша эмоция мен сезімге жақын адамдар, R&B, баяу рок пен фолк-музыканы таңдаған. Ал, сараптамаға бейім қатысушылар көбіне авангардты джаз бен хэви-метал айрықша бағалаған.

Ғалымдар адамдардың ойлау қабілетіне байланысты бір жанр ішінде әртүрлі ән таңдайтынын анықтаған.

Кембридж университетінің аспиранты Дэвид Гринбергтің ойынша бұл зерттеулер музыкалық индустрия өкілдеріне пайдалы болмақ.

Хабарламаларға жазылу