Бірнеше жылдарға созылған жобаға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қылқалам шебері Ерболат Төлепбай жетекшілік еткен. Шығармашылық ұжымның құрамына бірқатар отандық суретшілер енген, деп жазады mks.gov.kz сайты.
«Мәңгілік Ел» триптихының бірінші бөлімі Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хандардың бейнелерін негізге алған. Тарихи сюжетке құрылған туынды күрделі һәм көп бейнелі композициясының ауқымдылығымен, шығармашылық шеберлігімен, әрі шығармашылық ойдың тереңдігі, кеңдігімен ерекшеленеді.
Суреттердің екінші бөлімі «Жеті жарғы» — қазақтың дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағына арналған. Тәуке хан мен қазақтың әйгілі билері басты бейнелер ретінде орындалған күрделі композициялық туындыда көптеген кейіпкерлердің әрекеті біріктірілген.
Триптихтың композициялық және көркемдік түйіні - Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті.