Астанада Жангелдин - Бейбітшілік көшелерінің қиылысы уақытша жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Жангелдин - Бейбітшілік көшелерінің қиылысы уақытша жабылды

20.07.2015
Астанада Жангелдин - Бейбітшілік көшелерінің қиылысы уақытша жабылды

Жол жөндеу жұмыстары аясында су құбырларын, жылу трассасын тарту және жауын-шашынға, тұрмыстық мақсаттарға арналған канализацияларды орнату бойынша жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, жол қозғалысы шектелген аймақта абаттандыру жұмыстары да қолға алынбақ.

Жангелдин - Бейбітшілік көшелеріндегі жөндеу жұмыстары 1-қыркүйек күні аяқталмақ. Осыған байланысты №9, 10, 23, 33 автобустардың қозғалыс кестесіне өзгертулер енгізілді. Аталмыш бағытта жүретін қоғамдық көліктер Бөгенбай батыр даңғылы арқылы жүретін болады.

 

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу