Қазгидромет: Астанада алдағы күндері жаңбыр жауады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Астанада алдағы күндері жаңбыр жауады

20.07.2015
Қазгидромет: Астанада алдағы күндері жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, бүгін Елордада ауа температурасы күндіз +26+28°С, түнде +12+14°С болады, солтүстік-шығыстан 14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Синоптиктердің болжамынша, ертең Астана қаласында ауа райы өзгереді. Ресейдің Еуропаға жақын аймақтарынан Қазақстанға қарай жылжыған циклон салдарынан Астанада бірнеше күн бойы өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде.

Шілденің 21-і күні көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +27+29°С болады.

22 шілдеде көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы күндіз +27+29°С, түнде +16+18°С болады.

Хабарламаларға жазылу