Еліміздің кейбір аймағында алдағы үш күн бойы жауын толастамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің кейбір аймағында алдағы үш күн бойы жауын толастамайды

25.07.2014
Еліміздің кейбір аймағында алдағы үш күн бойы жауын толастамайды

 

Еліміздің солтүстік және орталық облыстарында алдағы үш күн бойы жауын-шашын толастамайды.

Синоптиктердің болжамынша, сынап бағанасы түнде +13, күндіз +25 градус болмақ.

 Қазақстанның шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында да алдағы демалыс күндері  қысқа мерзімді нөсер-жаңбыр жауады.

Желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді. Ал, Батыс Қазақстанда  күн ашық, жауын-шашынсыз болмақ. Мұнда сынап бағаны күндіз +28-35 градусты көрсетеді.

Шынар АСАНҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу