Еліміздің батысы мен оңтүстігінде қатты ыстық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде қатты ыстық болады

02.08.2021

Алдағы күндері еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде қатты ыстық болады. Синоптиктердің болжамына сай, Ираннан келген ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аудандарын қонақтайды. Орташа температура 35-40 градус ыстыққа болса, кей жерлерде 43°С дейін көтерілмек. Республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу