Қазақстандық ұшқыштар тұңғыш рет халықаралық «Авиадартс-2015» байқауына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ұшқыштар тұңғыш рет халықаралық «Авиадартс-2015» байқауына қатысады

20.07.2015
Қазақстандық ұшқыштар тұңғыш рет халықаралық «Авиадартс-2015» байқауына қатысады

Қазақстанның ұшқыштары алғаш рет халықаралық «Авиадартс-2015» конкурсына қатысады.

Бірегей шоу 26 шілде мен 16 тамыз аралығында Ресей Федерациясына қарасты Липецк және Рязань қалаларының әскери әуе айлақтарында өтеді.

Ұшу экипаждарын іріктеу бір ай бұрын басталды. Қазақстандық команданың сапында Шымкент авиация базасының төрт экипажы бар.

Халықаралық байқауға еліміздің әскери-әуе күштерінің атынан МиГ-29, Су-25, Су-27 және Ми-8 ұшақтары мен тікұшақтарының экипаждары қатысады.

Қазіргі уақытта әуе айлақтарында инженерлік-техникалық құрам және жерүсті ұшуларын қамтамасыз ететін мамандар толық даярлықтан өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу