Марқакөл – ұшса қыран қанаты талатын қазақ даласының шығысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді.
Кейде Марқакөлді «Жүз өзен» деп атап жатады. Көлге 100-ге жуық шағын өзен мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады.
Көлдің бұлай аталу себебіне қатысты ел арасында тараған аңыз бар. Ерте, ерте, ертеде шегі мен шеті жоқ ұлан-ғайыр далада қарапайым қойшы күнделікті әдетімен қой бағып жүреді.
Бірде шөлдеген марқа қозы су іздеп, өз отарынан бөлініп кетеді. Ұзақ жол жүрген қозы жердің тесігін тауып алады да, су бар деген үмітпен еңкейе бергенде, аяғы тайып кетеді.
Жүгіріп жеткен қойшы қозыны құтқармақ болып тартып ала бергенде, сол тесіктен су атқылап сала береді. Атқылаған су жер бетін жайпап, әдемі көл пайда болған екен.
Бүгін 02:25-те «Мәлім де беймәлім Қазақстан» хабарынан Марқакөлдің басқа да ерекшеліктері туралы біле аласыздар.