Қазақстандықтар ерекше құбылыстың куәсі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар ерекше құбылыстың куәсі болды

06.11.2023

Қазақстанның солтүстік және батыс аймағындағы тұрғындар ерекше құбылыстың куәсі болды. 6 қарашаға қараған түні аспан қызыл түске боялып, әр жерден жасыл жарық жарқ-жұрқ еткен. Әлеуметтік желі пайдаланушылары мұны «Теріскей шұғыласы» деп атады. Бірегей аспан құбылысын сол түні Ресей, Беларусь тұрғындары да байқаған. «Қазгидромет» мамандарының айтуынша, полярлық шұғыла күннен бөлінген зарядталған бөлшектер атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы сирек газдарға әсер еткенде болады. Бұл метеорологиялық құбылыс біздің белдеуімізге тән емес және ел аумағында өте сирек кездеседі. Әрі ол адамға қауіпті емес деді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу