Қызылордадағы көне шаһар Сығанақта археологиялық қазба жұмыстары қайта жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы көне шаһар Сығанақта археологиялық қазба жұмыстары қайта жанданды

09.06.2022
Қызылордадағы көне шаһар Сығанақта археологиялық қазба жұмыстары қайта жанданды

Тарихы терең қалашықтың сыры мен құпиясын ашуға Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің археологтары келген.

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шаһар әр кезеңде қазақ даласындағы төрт бірдей хандықтың астанасы болған. Тарихшылар бұл өңірде сауда мен қолөнер дамып, ең алғаш теңге де осы маңда құйылғанын айтады.

Бүгінде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Сығанақты ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру көзделген. Әзірге көне қаланың негізгі бөліктері толық ашылып біткен жоқ.

Маралбек Амантұров, археолог:
Биылғы маусымда сол ғасырларға тән көптеген қыш қаптамалар табылды. Қаптамалардың түрі өте көп. Оларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Сырлы және сырсыз қаптамалар. Күмбездің ұшар басына қойылатын құмба деп аталатын заттың бөліктері табылды.



Хабарламаларға жазылу