«Бал тамған өтірік» мелодрамасын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бал тамған өтірік» мелодрамасын көріңіз

19.07.2015
«Бал тамған өтірік» мелодрамасын көріңіз

Чжи Хо атты ару он жылдан бері сырттай бір жігітке ғашық. Күндердің күнінде  ол қиын жағдайға ұшырайды. Оны жұмыстан шығарып жібереді, үйіне қайтып бара жатқанда кездейсоқ ұры қолынан сөмкесін ала қашады.

Ұрыны қуып келе жатқанда, көлік қағып кетеді. Ең қызығы, бұл көліктің иесі өзінің ғашығы болып шығады. Махаббаты үшін күрескен Чжи Хо ештеңені  есіне түсіре алмаған адамның кейпін танытады.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те «Бал тамған өтірік» мелодрамасын көре аласыздар. Фильмде басты рөлдерді  Чо Хан Сон, Ли Ки У, Хе-ра Пан сомдайды.

Хабарламаларға жазылу