«Махаббат шытырманы» мелодрамасын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Махаббат шытырманы» мелодрамасын көріңіз

21.02.2015
«Махаббат шытырманы» мелодрамасын көріңіз

Дарынды ақын Амит өткен махаббатын ұмытып, жаңа өмір бастауға шешім қабылдайды. Бұған себеп, Шобха атты ару. Алайда, Шобха ойламаған жерден қайғыға батады.  

Ол сүйіктісі әрі Амиттің ағасы Шекхардан айрылады. Амит Шобханың өмірге деген қызығушылығын оятуға тырысқанымен, ол әрекетінен ештеңе шықпайды. Дегенмен, тағдыр араға уақыт салып, оларды қайта кездестіреді...   

Шаши Капур, Амитабх Баччан, Джая Бхадури басты рөлдерде ойнаған «Махаббат шытырманы» мелодрамасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 16.10-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу