«Махаббат кегі» мелодрамасын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Махаббат кегі» мелодрамасын көріңіз

10.10.2015
«Махаббат кегі» мелодрамасын көріңіз

Софи карикатурашы болып жұмыс істейтін өте сүйкімді, ақылды қыз. Ол хирург болып жұмыс істейтін сұңғақ бойлы Джефф деген жігітпен кездесіп жүреді. Екеуі сөз байласады.

Жігіт қыздың туыстарының алдына оған ұсыныс жасайды. Алайда, Софидің қуанышы көпке ұзамайды. Кезекті операция жасау сәтінде Джефф Ван Цзинцзин атты киножұлдызды кезіктіріп, оған ғашық болып қалады.

«Махаббат кегі» мелодрамасын бүгін сағат 15:50-де көріңіз.

Хабарламаларға жазылу