«Махаббат кегі» мелодрамасы – Ұлттық арнада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Махаббат кегі» мелодрамасы – Ұлттық арнада

01.08.2015
«Махаббат кегі» мелодрамасы – Ұлттық арнада

Софи – карикатурашы, өте сүйкімді, ақылды қыз. Ол хирург, әрі сұңғақ бойлы Джефф деген жігітпен кездесіп жүреді. Екеуі сөз байласады.

Жігіт қыздың туыстарының алдына оған ұсыныс жасайды. Алайда, Софидің қуанышы көпке ұзамайды.

Кезекті операция жасау сәтінде Джефф Ван Цзинцзин атты киножұлдызды кезіктіріп, оған ғашық болып қалады. Софи енді не істемек? Ол сүйгенін қалай қайтарады?

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:30-да «Махаббат кегі» мелодрамасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу