Бауыржан Исламхан: Бүгінгі кездесуде ойын тағдырын шешіп тастауымыз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Исламхан: Бүгінгі кездесуде ойын тағдырын шешіп тастауымыз керек

16.07.2015
Бауыржан Исламхан: Бүгінгі кездесуде ойын тағдырын шешіп тастауымыз керек

Команда капитаны Бауыржан Исламхан бүгінгі ойында жеңіске  жету үшін барын салатынын айтады.

«Алашкерт» - өте жақсы команда. Қарсылас қанша мықты болғанымен, бүгінгі ойында жеңіске жетуіміз керек. Сырт алаңдағы матч бізге қиынға соғатыны анық. Сондықтан, бүгінгі кездесуде ойын тағдырын шешіп тастауымыз керек. Әрине, жанкүйерлердің қолдауы бізге ауадай қажет», - дейді Бауыржан Исламхан.

Сонымен қатар, «Қайрат» сапына жаңадан қосылған украиналық футболшы Анатолий Тимощукте пікірімен бөлісті.

«Ойын алдында екі команданыңда жеңіске жету мүмкіндігі – 50-50 пайыз. Сондықтан, кез келген қарсыласты құрметтеу қажет. Біздің жеңіске жетуіміз үшін барлық мүмкіндік бар және жеңіс жолында аянып қалмаймыз», - дейді Анатолий Тимощук.

Еске сала кетейік, бүгін Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» клубы армениялық «Алашкерт» клубын қабылдайды.

Ойынды бүгін сағат 20:35-те «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу