«Айтыстан үзінді». Ұлттық арна бейнеқорынан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтыстан үзінді». Ұлттық арна бейнеқорынан

02.08.2015
«Айтыстан үзінді». Ұлттық арна бейнеқорынан

Қазақтың қасиетті өнері – айтыс қазақ даласында XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінмен дамыды. Айтыстың басты ерекшелігі – оның суырыпсалма түрде орындалуы.

Айтыс түйіні – шындық. Қандай жүйрік, тапқыр ақын болса да шындықтан жалтарып кете алмаған. Ақындар тек шындықпен суарылған аталы сөзге тоқтап бас иген. Бұлтартпас уәж, шындыққа құрылған бір ауыз сөз айтыс тағдырын шешіп кететіні де осыдан.

Осыған дейін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан бірқатар жыр додасы көрсетілді. Солардың арасынан ең үздіктерін бүгін 12:35-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу