ОҚО-да «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының түсіндіру жұмыстары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының түсіндіру жұмыстары аяқталды

14.07.2015
ОҚО-да «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының түсіндіру жұмыстары аяқталды

Жобаны түсіндіру жұмыстары күнгейде 7 шілде күні басталған. Қазақстанның әр өңірінен келген оқу орындардың өкілдері облысымыздың барлық аударындарында болып, ауқымды бағдарламаның мүмкіндіктерін түсіндірді.

Солтүстік Қазақстан облысынан келген өкілдердің айтуынша, өңірде техникалық, агроөнеркәсіптік, ауыл шаруашалығы, педагогикалық және тау кен ісі бойынша мамандар жетіспейді. Сондықтан бағдарламада аясында техникалық мамандықтарға басымдық берілген. Ал, мемлекеттің арнайы шәкіртақысына ие болу үшін студент оқу барысында жоғары білім көрсеткішін көрсетуі тиіс.

«Серпін» бағдарламасының ерекшелігі, ҰБТ-ға қатыспаған немесе аз балл жинаған түлектер де білім алып, маман иесі атануына болады. Әсіресе орта арнаулы білім алғысы келетіндер үшін үлкен мүмкіндік жасалған. Өйткені колледжге түсетіндер мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктерге ие болады.

Бүгінгі таңда еліміздегі 19 жоғары, 44 орта арнаулы оқу орны дәл осы бағдарлама аясында түлектерді қабылдайды. Өзге өңірден келген оқу орнының өкілдері колледжге түсушілердің құжаттарын бірден қабылдаса, жоғары оқу орнын таңдағандар 23 шілде күні құжаттарын тапсыра алады. Білім конкурсына қатысып, жоба аясында бөлінген 5 мың гранттың иегері атануы әбден мүмкін.

 

Фото: otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу