Маратбек Мықтыбеков: Бірінші мәселе – спортшының дайындығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маратбек Мықтыбеков: Бірінші мәселе – спортшының дайындығы

13.07.2015
Маратбек Мықтыбеков: Бірінші мәселе – спортшының дайындығы

Тамыз айында Астанада дзюдодан Әлем біріншілігі өтеді. Осыған орай таңғы бағдарламада қонақта болған «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков  спортшыларымыздың дайындығы төңірегінде әңгіме өрбітті.

«Әлем біріншілігі Астанада өтеді деген хабар шыққаннан бастап, қызу дайындық үстіндеміз. Бүгінгі таңда 80-нен астам ел өтініш беріп үлгерді. Біздің ойымызша, жарысқа 120-130-ға жуық ел қатысады. 26 шілде күні Алматыда оқу-жаттығу дайындықтары өткізіледі. Сол кезде қай спортшы қандай салмақта сынға түсетінін жариялайтын боламыз»,-дейді Маратбек Мықтыбеков.

«Будапештте өткен Гран-при жарысында екі спортшымыз «алтын» алды. Жас спортшылар да осал емес. Негізі біздің ең мықты спортшыларымыз 60-62 келі салмақ дәрежесінде. Солардан үміт күтеміз».

«Бүгінде дзюдо күресі әлем бойынша жақсы дамыған. Бұрындары біз тек Жапония елінің спортшыларына қарсы мықты дайындалатын едік. Ал, қазір қай мемлекет мықты екенін айту қиын. Сондықтан, бірінші мәселе – спортшының дайындығы».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу