Павлодарлық азамат үш жылдан бері күн батареясын қолданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық азамат үш жылдан бері күн батареясын қолданады

12.07.2015
Павлодарлық азамат үш жылдан бері күн батареясын қолданады

Павлодар қаласындағы Майра көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғыны Сергей Бобко электр энергиясының дәстүрлі көзін баламалы түріне алмастырып,  үш жылда 150 мың теңге үнемдеген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Алғашында ол хобби ретінде бірнеше панельден энергияның баламалы түрін қолданған. Алайда үш жылдың ішінде мұндай батарея саны 12 есеге артқан.

«Қазір балконға тұтастай батарея орнатылды. Тіпті, артық орын алмау үшін спутникті антеннаны алып тастадым. Плита, электр шәйнек, теледидар, тоңазытқыш және басқа да құралдар күн батареясымен  жұмыс істейді. Айына шамамен 4-5 мың теңге шығады», - дейді Сергей Бобко.

Оның айтуынша, Қытайдан тапсырыс бойынша әкелінетін күн панелінің бір данасының құны - 100 АҚШ доллары.

Хабарламаларға жазылу