iPhone 5 батареясын тегін ауыстыруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

iPhone 5 батареясын тегін ауыстыруға болады

01.09.2014
iPhone 5 батареясын тегін ауыстыруға болады

Өткен аптадан бастап Apple компаниясы Қытай және АҚШ-тағы тұтынушыларының iPhone 5 смартфондарының батареясын ауыстыру жұмысын бастаған еді. Енді, бұл акцияны бүкіл әлем бойынша ұйымдастырып жатыр.

Батареясы тегін ауыстырылатын смартфондар қатарына 2012 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта сатып алынған iPhone 5 телефондары кіреді. Егер, сіздің де смартфоныңызды осы ай аралықтарында  сатып алған болсаңыз, онда Apple компаниясының ресми сайтына кіріп, телефоныңыздың батареясын тегін ауыстырып алуға мүмкіндігіңіз бар. Сайтқа кіру үшін мына сілтемені шертіңіз.

Бірінші, смартфоныңыздың батареясын тегін ауыстырылады ма, жоқ па соны анықтап алыңыз. Бұл үшін ресми сайттағы бөлімге ұялы телефоныңыздың сериялық нөмірін жазып, тексеріп көріңіз.

Екінші, смартфоныңыздың батареясын ауыстыру үшін Apple-дің кезкелген провайдеріне немесе техникалық жәрдем бөліміне жүгінуіңізге болады.

Үшінші, батареяны ауыстыруға ұсыныс бермей тұрып, смартфоныңыздың ішіндегі мәліметтерді iTune немесе iCloud-қа орналастырып, Settings > General > Reset > Erase all Content and Settings батырмаларын орындап, смартфоныңыздың жадын өшіруіңіз керек болады.

Хабарламаларға жазылу