Түркияның Хатай қаласында екі отандасымыз іздестіріліп жатыр
Түркияның Хатай қаласында үйінді астында қалған екі қазақстандық әлі іздестіріліп жатыр. Оларды табу үшін кеше Алматыдан зілзала аумағына аттанған бес азамат та қазір сонда. Хабарсыз кеткен үш адамның бірі Сабина Мамадиярова алты метрлік тереңдіктегі үйінді астынан шығарылған еді. Алайда, өзге жерлестерімізді шығару мүмкін болмай тұр. Мирболаттың бауыры Алмат Құрмашев құтқарушылар жетіспей жатқанын айтады. Сондай-ақ, арнайы техника да ауадай қажет. Еске салайын, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үш отандасымыз хабарсыз кеткен еді. Олар үш жылдан бері Түрік елінде тұрады. Зілзала болардан бір күн бұрын Хатай қаласына барған.
Алмат Құрмашев, Мирболаттың інісі:
Бетон жамылғыларды аршу үшін кемі 70 тонна жүк көтеретін кран ауадай қажет болып тұр. Сондай-ақ, ғимаратты бақылау үшін дрон мен қашықтан басқарылатын камерасы бар құрылғы керек. Таныстары бар азаматтар болса бізбен байланысқа шықса.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында топ жарды
08.05.2026, 17:25
Саз бен сөздің саңлағы Ілия Жақанов 90 жаста
08.05.2026, 17:22
Шымкентте «Даңқ» мемориалы мен бірнеше ескерткіштің аумағы тазартылды
08.05.2026, 17:19
Астанада «Анаға тағзым» аллеясы ашылды
08.05.2026, 17:18
Кезекте тұрған тұрғындарға жаңа баспана берілді
08.05.2026, 17:16
Ұлттық ұланның салтанатты шеруі өтті
08.05.2026, 17:14
Отан қорғаушы күні: Сахнадағы рух, елдегі сенім
08.05.2026, 17:12
Ақмола облысы Родина ауылында жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 17:08