Қуаныш Сұлтанов жастайынан еңбек дегеннің не екенін біліп өсті. Ащы тірліктің дәмін ерте татты.
Мемлекет ісіне жоғары парасатпен, өмірлік мектептен өтіп, барынша даярлықпен келген азамат қызмет баспалдақтарынан сүрінген жоқ. Жас болса да бас бола білді. 36 жасында Орталық партия комитетінің әуелі мәдениет, одан кейін ұйымдастыру бөлімдерін басқаруы – осының дәлелі.
Қазақстан Комсомол комитеті, Орталық партия комитетіндегі қызметтер – Қуаныш Сұлтановтың елге қызмет ету жолындағы алғашқы баспалдақтары еді.
Қуаныш Сұлтанов – Өзбекәлі Жәнібековтей дана саясаткердің мектебінде шыңдалған еліне ардақты, халқына қалаулы азаматтардың бірі. Әлі күнге дейін халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан депутаттың өмірі туралы бүгін 13:45-те «Келбет» хабарынан көріңіз.