«Tesla» 54 мыңға жуық машинаны зауытқа қайтармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Tesla» 54 мыңға жуық машинаны зауытқа қайтармақ

02.02.2022

«Tesla» компаниясы Құрама Штаттарда 54 мыңға жуық машинасын зауытқа қайтармақ. Өйткені олардың автопилоты «тоқта» белгісіне қарамастан, қозғалысты жалғастыра беретіні анықталып отыр.

АҚШ-та «Tesla»-ның өзін-өзі «толық басқаратын» көліктерінің саны қыркүйекте бірнеше мың ғана еді. Қазір солардың қатары 60 мыңға жетіп отыр. Айта кетсек, әйгілі компания кейінгі кездері көпшілік пайдаланатын жолдарда өз автомобильдерінің жүргізу бағдарламасының жақсартылған түрін сынақтан өткізіп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу