Мәскеуде қазақ әндерінің «Алтын күз-2014» жастар фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде қазақ әндерінің «Алтын күз-2014» жастар фестивалі өтті

07.12.2014
Мәскеуде қазақ әндерінің «Алтын күз-2014» жастар фестивалі өтті

Мәскеуде қазақ әндерінің «Алтын күз-2014» жастар фестивалі өтті. Бұл туралы МУЗ-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров өзінің  Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп мәлімдеді ҚазАқпарат. 

«Мәскеуде қазақ әндерінің музыкалық конкурсы «Алтын күз-2014» жастар фестивалі өтті. Конкурстың барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларын осы тамаша өткізілген ән мерекесімен құттықтаймын», - деп жазады ол.

Қазақ әндерінің «Алтын күз-2014» Мәскеу жастар фестивалі жыл сайын «Мұрагер» Мәскеу қазақ мәдениеті қоғамы мен «Қазақ диаспорасы» Мәскеу қоры» коммерциялық емес ұйымының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді.

Шараны ұйымдастыруға сонымен қатар, Мәскеу қаласының өңіраралық ынтымақтастық, ұлттық саясат және діни ұйымдармен байланыс департаменті және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі, Еvent agency East project және Ресей жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттері бірлестігі қолдау көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу