Ең қасиетті түн – Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық, деп қабылдайды.
Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Ал, кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен «өте көп» деген мағынада қолданады. Сондықтан, Құранның: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аятындағы «мың» сөзі де «өте көп» деген мағынаны береді деп есептейді.
Қадір түнінің өзге түндерден артықшылығы сол – ол түні періштелер Жер бетіне Алла Тағаладан қайыр-береке мен мол жақсылық ала түседі.
Бүгін 12:40-та «Иман айнасынан» көріңіз.