Қадір түнін Ұлттық арнамен қарсы алыңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қадір түнін Ұлттық арнамен қарсы алыңыз

19.05.2020

Бүгін - барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Қадір түні. Бірақ биыл оны әдеттегіден басқаша өткіземіз. 

Вирустың жаппай таралуына жол бермеу үшін қазір мешіттер кешкі 20:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Дегенмен Құран хатымның дұғасын тікелей эфирде көріп, тыңдай аласыздар! 

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы бүгін сағат 22:20-дан бастап «Әзірет Сұлтан» мешітінен тікелей эфирде хабар таратады. Жамағат үшін мың айдан да қайырлы Қадір түні туралы жан-жақты ақпарат беріліп, арнайы шақырылған қонақтармен сұхбаттар жүргізіледі.

Ербол Мәндібек

Хабарламаларға жазылу