Жас ғалымдар фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас ғалымдар фестивалі өтті

30.09.2014
Жас ғалымдар фестивалі өтті

Астанада  ЕХРО-2017  Халықаралық  көрмесіне арналған  фестиваль өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16 жас ғалым қатысты. Олардың барлығы  Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары. Қатысушылардың ең кішісі жетінші,  ал ең үлкені 11 сыныпта  оқиды. Фестиваль барысында балалар ғылыми жобаларын көпшілікке ұсынды. Олар табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану, электр энергиясын үнемдеу және қоршаған ортаны қорғауға бағыттылған. Ал, олардың қаншалықты тиімді  жұмыс істейтіндігін қазылар алқасы анықтады. Олар әр жобаға тиісті бағасын беріп, балаларды сыйлықтармен марапаттады.

Айдана ҮСЕНБАЙ 

Хабарламаларға жазылу