Астанада «Өнегелі отбасылар» сайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Өнегелі отбасылар» сайысы өтті

15.09.2014
Астанада «Өнегелі отбасылар» сайысы өтті

Астанада Отбасы күніне орай, мемлекеттік қызметкерлер арасында «Өнегелі отбасылар» сайысы  өтті.

«Дәулет» спорт кешенінде ұйымдастырылған спорттық-мәдени эстафеталық шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

 Бірнеше кезеңнен тұратын жарыста мемлекеттік қызметкерлер командаларға бөлініп, жылдамдық, тапқырлық бойынша бақ сынады.

Бірінші орынды Сарыарқа ауданы әкімдігі аппаратының «Сарыарқа» командасы иеленді. Екінші және үшінші орын Астана қаласы Білім басқармасының «Бірлік» командасы мен  Денсаулық сақтау басқармасының «Тұлпар» командаларына бұйырды.

Сайысқа қатысқан барлық отбасыға велосипедтер табысталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу