Бүгін – Мағжан Жұмабаевтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Мағжан Жұмабаевтың туған күні

25.06.2015
Бүгін – Мағжан Жұмабаевтың туған күні

«Не көрсем де, Алаш үшін көргенім

Маған атақ – ұлтым үшін өлгенім...».

Бұл жыр жолдарының авторы – ақын Мағжан Жұмабаев. Ол XX  ғасырдың басында қазақ әдебиетінің көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыз. Ақын 1893 жылы Петропавл уезі, Сарыайғыр елді мекенінің Сасықкөл деген жерінде дүниеге келген.

«Мағжан қайда жүрсе де, елдің мүддесін қорғаған. Ұлттың болашағын ойлаған. Мағжан Алаш қозғалысына белсене қатысқан азаматтардың бірі. Ол  теріскейге имам өкіл ретінде барып,  алашордашылардың құрылтайына қатысып, сонда пікірін айтып, жарғысын қалыптастыруға көмектескен жан»,-дейді жазушы Жарасбай Сүлейменов.

Ақын 1905-1910 жылдары Қызылжар қаласындағы медреседе оқып, бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алады, әдебиетпен шұғылданады. Ал, 1910 жылдың күзінде Уфадағы «Ғалия» медресесіне түсіп, білімін молайтады.

Алаштың асыл ұлы Бейімбет Майлин татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтен тәлім алады. 1912 жылы Мағжанның «Шолпан» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрді.

1923-1926 жылдары Мәскеудегі әдебиет, көркем өнер институтында оқиды. 1927 жылы елге оралып, оқытушылықпен айналысады.

Филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісімақова: «Мажанның сөздерінде, өлеңдерінде, дастандарында, тарихи поэмаларында – бүтін қазаққа қажет ойлар бар. Жүсіпбек Аймауытов «Психология» кітабын жазды, Мұхтар Әуезов қазақ балаларына орыс тілін үйрету жағын қолға алды, ал, Мағжан Жұмабаев «Педагогика» деген кітап шығарды»,-дейді.

Мағжан ақынның өлеңдері – қазақ поэзиясының алтын жауһары. Оның әрбір тармақтары ұлтым деп еміреніп, жұртым деп тебіренген ақынның асқақ сезімін көрсетеді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу