Ұлттық музейде өңірлер мұражайларының көшпелі көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде өңірлер мұражайларының көшпелі көрмесі ашылды

06.06.2018

«Өткенді еске алу – болашаққа жол» атты жоба елорданың 20 жылдығына арналған. Алғашқы күні Солтүстік Қазақстан облыстық мұражайлар бірлестігінің «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» көрмесі таныстырылды. Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған іс-шараға 90 жәдігер әкелінген. Олардың ішінде ақын атасы Жұмабай қажы мен өзінің жайнамаздары, тұрмыстық бұйымдары, кітаптары бар. Қызылжар өңірінен бөлек, көшпелі көрмеде бір ай бойына Ақмола, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының музей жәдігерлері көпшілікке көзайым етілмек.

Гүлжауһар Сәдуақасова, Солтүстік Қазақстан облыстық мұражайлар бірлестігінің бөлім меңгерушісі:

- Әр түрлі құжаттардың көшірмесі қойылып отыр. Мағжан Жұмабаевтың Уфада Ғалия медресесінде оқығаны, Мәскеуде дәріс оқыған, институтта жұмыс істеген кездеріндегі құжаттардың, тұтқындалған кездегі анкетасының көшірмесі қойылды.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу