Қызылжарда М.Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған ақындар айтысының бірінші кезеңі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарда М.Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған ақындар айтысының бірінші кезеңі өтті

23.06.2023

Қызылжарда Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Тұранның тұғырлы тұлғасы» атты халықаралық ақындар айтысының бірінші кезеңі өтті.

Дүбірлі додада Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия мен Өзбекстаннан келген 16 ақын бақ сынасуда. Сөз бәйгесі екі күн бойы жалғасады. Қорытынды кезең ақынның туған жерінде өтетін болады.

Жарқын Жұпархан, ұйымдастырушы:

Алты ақынды ертең Мағжанның туған ауылы, Сасықкөлдің жағасына Сарытомар ауылына апарып, сол жерде айтыстың финалын жасайтын боламыз. Жүйрік болып шыққаны бас жүлде – автокөліктің кілтін алатын болады.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу