Алматыда Оразалы Досбосыновтың рухына арналған еске алу кеші және айтыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Оразалы Досбосыновтың рухына арналған еске алу кеші және айтыс өтеді

17.05.2015
Алматыда Оразалы Досбосыновтың рухына арналған еске алу кеші және айтыс өтеді

 

29 мамыр күні Алматыдағы Студенттер сарайында айтыстың ақтаңгері Оразалы Досбосыновтың рухына арналған «Құлмамбеттің құлыны» атты еске алу кеші өтеді.

Кеште Алтынай Жорабаева,  Саят Медеуов, Рамазан Стамғазиев, Жамбыл Дүйсенов, Балғынбек Имашев, «Қоңыр», «Бәйтерек» топтары және тағы да басқа эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Ал, 30 мамыр сағат 16:00-де өтетін айтысқа Айнұр Тұрсынбаева, Айбек Қалиев, Серікзат Дүйсенғазин, Мақсат Ақанов, Бақыт Жағыпар, Ринат Зайытов және тағы да басқа айтыскерлер қатысады.

Айтысты ақын Жүрсін Ерман жүргізеді. 

ФОТО: el.kz

Хабарламаларға жазылу