Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Аспантаудан аққан жұлдыз...» атты кеш өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Аспантаудан аққан жұлдыз...» атты кеш өтеді

12.11.2015
Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Аспантаудан аққан жұлдыз...» атты  кеш өтеді

13-14 қарашада Алматы облысы, Райымбек ауданының Текес ауылында айтыстың ақтаңгері Оразалы Досбосыновтың туған күніне орай «Аспантаудан аққан жұлдыз...» атты еске алу кеші өтеді.

Алдымен ақынның туған ауылы Тегістік мектебінде арнайы жиын ұйымдастырылмақ.  

Сағат 18.30-да Текес ауылдық Мәдениет үйінде белгілі ақындардың, өнер иелерінің қатысуымен әдеби-сазды кеш өтеді.

14 қараша, сағат 10.00-де Оразалының өзі арнасына сыймай кеткен айтыс өнерінің жалауы көтерілмек. Оған есімі елге мәлім Рүстем Қайыртай бастаған және республикалық додаларға шығып жүрген жас ақындар қатысады. 

Хабарламаларға жазылу