Астанада «Құлмамбеттің құлыны» атты Оразалы Досбосыновты еске алу кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Құлмамбеттің құлыны» атты Оразалы Досбосыновты еске алу кеші өтеді

02.06.2015
Астанада «Құлмамбеттің құлыны» атты Оразалы Досбосыновты еске алу кеші өтеді

7 маусым күні Астанадағы Конгресс Холл сарайында айтыстың ақтаңгері Оразалы Досбосыновтың руһына арналған «Құлмамбеттің құлыны» атты  еске алу кеші өтеді.

Кешке Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Болатбек Оразбаев, Ардақ Балажанова, Бауыржан Исаев, Толғанай Базылхан, Құрмаш Махан, Ерлан Рысқали және «Бәйтерек», «Аламан» топтары қатысады.

Сондай-ақ, кеште Оразалы Досбосыновтың балалары Нұрсұлтан мен Нұрайша да өнер көрсетпек.

Ақпараттық демеуші – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы және «Астана» радиосы.

Хабарламаларға жазылу