«Білгірлер бәйгесі». Жамбыл облысы мен Астана тұрғындары бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Білгірлер бәйгесі». Жамбыл облысы мен Астана тұрғындары бақ сынайды

16.05.2015
«Білгірлер бәйгесі». Жамбыл облысы мен Астана тұрғындары бақ сынайды

Өзге зияткерлік сайыстардан отбасыларды қамтуымен ерекшеленетін «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалды сайысына  тек білімді ғана емес, сонымен қатар, көңілді, тапқыр, тату да талантты жандар қатысады.

5 кезеңнен тұратын интеллектуалды шоу барысында Қазақстан тарихы, қазақтың салт-дәстүрлері мен мәдениетіне және жалпы дүниетанымға байланысты сұрақтар қойылады.

Бүгін 13:00-де «Білгірлер бәйгесінде» Жамбыл облысы мен Астананың білімді әулеттері бақ сынайды. Білгірлерді Ұлттық арнамен бірге анықтаңыз!

Хабарламаларға жазылу