«Білгірлер бәйгесі» зияткерлік сайысы бүгіннен бастап эфирде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Білгірлер бәйгесі» зияткерлік сайысы бүгіннен бастап эфирде

08.05.2016
«Білгірлер бәйгесі» зияткерлік сайысы бүгіннен бастап эфирде

Өткен жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының эфирінен өткен «Білгірлер бәйгесі» зияткерлік бағдарламасы бүгіннен бастап журналист Қанат Әуесбайдың жүргізуімен қайта эфирге шықпақ.

«Білгірлер бәйгесі» ойыны - командалық сайыс. Оған мемлекеттік қызметкерлер, министрлік өкілдері, қауымдастық мүшелері мен түрлі ұйымдардың мамандары шақырылады. Яғни,  бағдарламада еңбек ұжымдарының қызметкерлері іскерлік қырларынан бөлек, зияткерлік қабілеттерін танытатын болады.

Әр ойында әрқайсысы 5 адамнан құралған екі топ  білім сайыстырады.

Мақсат - қоғамға әдебиет, тарих, мәдениет тақырыптарын насихаттай  отырып, еңбек ұжымдарындағы корпоративтік рухты көтеру.

Бағдарлама эфирге аптасына бір рет, әр жексенбі сайын сағат 11:00-де шығады. Толығырақ...

Хабарламаларға жазылу