Білімді әулеттер сайысқа түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білімді әулеттер сайысқа түседі

18.04.2015
Білімді әулеттер сайысқа түседі

Білімді отбасылар арасындағы «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалды шоуының эфирге шыққанына көп бола қоймаса да, көрермендердің асыға қарайтын жобасына айналды.

Себебі, мұнда қатысушылар тек білімді ғана емес, сонымен қатар, көңілді, тапқыр, тату да талантты жандар екенін дәлелдеп беруі тиіс.

5 кезеңнен тұратын интеллектуалды шоуда жалпы дүниетаным, Қазақстан тарихы, салт-дәстүрлер мен мәдениетке байланысты сұрақтар қойылады.

Бүгін 13:30-да «Білгірлер бәйгесінде» ойы жүйрік екі отбасы сайысқа түседі. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облысының білімді әулеттерінің тартысты ойынын Ұлттық арнамен бірге көріңіз.

Хабарламаларға жазылу