Асқар Жұмағалиев «ҚазАтомӨнеркәсіп» Басқарма төрағасы болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Жұмағалиев «ҚазАтомӨнеркәсіп» Басқарма төрағасы болып тағайындалды

06.05.2015
Асқар Жұмағалиев «ҚазАтомӨнеркәсіп» Басқарма  төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Школьник және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ұжымына Ұлттық атом компаниясы басқармасының жаңа төрағасы Асқар Жұмағалиевты таныстырды.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

А.Жұмағалиев бұған дейін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарған.

Оның кандидатурасы Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында мақұлданып, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілген.

Асқар Жұмағалиев - Свердловск Суворов әскери училищесін, Қазақ Ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін және Швейцария федералдық технологиялар институтын бітірген.

Әр жылдары «Жарық» ЖШС бас директоры, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде сектор меңгерушісі, бөлім, басқарма бастығы қызметтерін атқарып, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы, «Қазақтелеком» АҚ президенті болды.

2010 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Байланыс және ақпарат министрі, Көлік және коммуникациялар министрі болып, Байланыс және ақпарат агенттігіне төрағалық етті.

Хабарламаларға жазылу