Қарағандыда Жеңістің 70 жылдығына арналған ғылыми конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Жеңістің 70 жылдығына арналған ғылыми конференция өтеді

30.04.2015
Қарағандыда Жеңістің 70 жылдығына арналған ғылыми конференция өтеді

5 мамыр күні Қарағандыдағы ҚарМТУ-да «XXI ғасыр жастарының көзқарасындағы II Дүниежүзілік соғыс» V республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Шара  Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Конференция жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің төрағасы Р.Кәрібжанова, ҚР  Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚарМТУ ректоры А.Ғазалиев,  Қарағанды облыстық  Ардагерлер кеңесінің  төрағасы О.Төреғожин, Қарағандыдағы Жастармен жұмыс істеу орталығының директоры Б.Әлімжанов қатысады.

Сондай-ақ, конференция барысында соғыс туралы бейнефильм көрсетіліп, К.Бекенов, В.Ткаченко, С.Пономарева, Л.Билык, Т.Забнева сынды  соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлері баяндама жасайды.

Хабарламаларға жазылу