Жеңістің 70 жылдығына арналған автошеру Мәскеуге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңістің 70 жылдығына арналған автошеру Мәскеуге жетті

23.09.2014
Жеңістің 70 жылдығына арналған автошеру Мәскеуге жетті

Астанада басталып, Бішкек арқылы Ресей астанасына барған топ, 1941-1945 жылдардағы соғыс құрбандарына арналған ескерткіштерге барып, гүл қойды.

Шараға Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Ресейдің ауған соғысы ардагерлері қатысты.

Салтанатты шарадан соң, байырғы жауынгерлер ІІ Дүниежүзілік соғысқа арналған орталық музейді аралады.

Содан соң үш елдің өкілдері Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы мен Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің оқушылармен кездесті.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу