Жастарға арналған БАҚ арасында байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарға арналған БАҚ арасында байқау жарияланды

18.04.2015
Жастарға арналған БАҚ арасында байқау жарияланды

«World Association of Newspapers and News Publishers» (WAN-IFRA) Дүниежүзілік жас оқырмандар сыйақысына (World Young Reader Prizes) үміткерлер іздеуде. Байқауға жастар аудиториясымен жұмыс істеп, үздік нәтижеге қол жеткізген БАҚ қатыса алады.

Сайыс тоғыз аталым бойынша өтеді: digital first, «Еркін оқыту», ең үздік бренд, мақала, білім беру туралы жаңалықтар, қоғамдық қызметтер және т.б.  

Жеңімпаздар қыркүйек айында Үндістанда өтетін 67-ші дүниежүзілік  WAN-IFRA  газет конгресінде марапатталады.

Өтініштер 5 мамырға дейін қабылданады, деп хабарлайды ijnet.org.

ФОТО: www.vezha.org

Хабарламаларға жазылу