Алматыда қаламгерлер арасында шығармашылық байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қаламгерлер арасында шығармашылық байқау жарияланды

11.04.2018

Алматыда қаламгерлер арасында шығармашылық байқау жарияланды. Оған жазушылар, журналистер мен блогерлер қатыса алады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бүгінде жаһанды алаңдатқан түрлі жат пиғылды радикализм, экстремизм, терроризм сияқты керітартпа әрекеттердің ушығып тұрғандығы анық. Алайда, мәселенің түпкілікті мағынасына тереңінен қанығатындар аз. Сондықтан, жастарды жамандықтан сақтандыру үшін қаламгерлер толғаған ой қоғамға өз пайдасын тигізеді. Ал, байқау талабы бойынша мақалаларда дін насихатталмауы тиіс. Тек қоғамға игі ұсыныстар мен ізгі ой тудыратын еңбектер қабылданады. 

Айдар Есенбек, қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы:

- Байқау сәуір айынан басталып,  қазан айына дейін жалғасады. Міне, осы уақыт аралығында шыққан үздік мақалалар, репортаждар, роликтер, интернет саласындағы қазақ тіліндегі, орыс тіліндегі мақалалар және әлеуметтік желідегі шыққан әртүрлі материалдарға біз байқау жариялап отырмыз.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу