«Домбыра достыққа шақырады» атты байқау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Домбыра достыққа шақырады» атты байқау өтті

27.10.2015
«Домбыра  достыққа шақырады» атты  байқау өтті
«Домбыра  достыққа шақырады» атты  байқау өтті
Оралда алғаш рет ұлыс өкілдері арасында «Домбыра достыққа шақырады» атауымен басталған облыстық байқау мәресіне жетті. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған. Бұл туралы Қазақ радиосының ақпараттар қызметі хабарлайды.

Сайыс қорытындысында Құрманғазы атындағы музыка колледжінің шәкірті Наргиз Қасымова бас жүлдені жеңіп алды. Бұл дода «Тіл - татулық тірегі» айлығы аясында ұйымдастырылған. Өнер додасына облыс аудандары мен Орал қаласынан 15 үміткер қатысып, бақ сынады. Олар байқау шарты бойынша қос күймен қоса қазақ тілінде екі ән орындады. Ұлыс өкілдері арасында өткен бұл өнер сайысы – қазақтың өнері мен тілін насихаттаудың бір жолы.
Алдағы уақытта Оралда Достық үйі ашылған кезде өзге ұлыс балаларын домбыраға үйрету мүмкіндігі артады. Сонда байқауды дәстүрлі түрде өткізумен бірге республикалық деңгейге көтеруге болады, дейді ұйымдастырушылар.


Динара Киндербаева
Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу