Журналистер арасында байқау жарияланды

13.10.2014
Журналистер арасында байқау жарияланды

«Қазтелерадио» АҚ баспа, электронды және Интернет-БАҚ журналистерінің арасында Қазақстан Республикасындағы цифрлық телерадио хабарларын таратуды дамытудың өзекті мәселелері жөніндегі үздік жарияланымдарға шығармашылық конкурс жариялайды. Бұл туралы «Қазтелерадио» акционерлік қоғамынан хабарланды.

Байқауға қатысуға мемлекеттік және орыс тілдерінде баспасөз беттерінде, телевизиялық эфирде және Интернет-кеңістікте 2014 жылғы 14 қаңтар мен 10 қараша аралығында жарияланған материалдар қарастырылады.

Конкурсқа республикалық, өңірлік электрондық және баспа БАҚ, оның ішінде Интернет-сайттардың журналистері мен блогерлері де бағын сынауына болады.

Байқауға қатысу туралы өтініштер 2014 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады. 

Хабарламаларға жазылу